Мектеп директорынан сәлемдеме

file-page2Хэйлибери Астана-бұл ерекше орын. Британдық білім беру бағдарламасындағы келесі халықаралық IB мектебі бола тұрып, біз өзіміздің оқушыларымызға Біріккен Корольдықтың, АҚШ және әлемге аты танымал басқа ЖОО-ның ең үздік университеттеріне өзіндік “тіректі” ұсынамыз. Біздің мектепте сіздің балаларыңыз тамаша ағылшын тілін меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар, оларды “үлкен әлемдегі” болашақтағы ересек өмірге дайындайтын тамаша білім алады.
Біз сіздердің балаларыңызға қазіргі заманға сай жабдықталған кабинеттерде британдық оқытушылардың басшылығымен және ағылшын, орыс және қазақ тілдерін еркін меңгерген біздің жергілікті жоғары білікті көмекшілердің көмегімен үздік британдық білім алудың мүмкіндігін ұсынамыз. Оқу барысында, оқуға түскен уақыттан бастап Ұлыбританияның ең үздік мектептерінде ұсынылатын Халықаралық Бакалавриаттың (IB) дипломын алған уақытқа дейін-біздің мектепте біз мадақтауға тұрарлық оқушыларымызға көмек көрсетеміз. Біздің мектеп жоғары сапа қағидатын ұстанады, оның негізінде әр оқушыға көрсетілетін қамқорлық жатыр.
Хэйлибери Астана қазіргі заманғы мектебінің дүниежүзіндегі белгілі оқу орны болып табылатын, шетелдің үздік ЖОО-на түсуге Қазақстаннан оқушыларды дайындаған Ұлыбританиядағы Хэйлибериге тікелей қатысы бар. Біздің Алматыдағы серіктес мектебіміз тамаша нәтижелерді көрсетуде-олардың түлектері Кембридж, Лондонның Университеттік Колледжі және Лондонның Империялық Колледжі сияқты әлемнің ондаған үздік университеттеріне түсті. Хэйлиберидің білім беруінің жоғары сапалық дәстүрі 1862 жылдан бастап белгілі.
Хэйлибери мектебінің әр оқушысы сыныптан тыс қызметке белсенді қатысады, себебі біз балаларды көшбасшылық сапаларын көрсеткені үшін, спорттағы және сахна өнеріндегі жетістіктері үшін түрлі марапаттармен ынталандырамыз. Біздің мектепте оқу кезінде, осы сыныптан тыс сабақтардың арқасында, сіздің балаңыз университетке түсу кезінде басымдылыққа ие болады, ол жерде академиялық біліммен қатар, Қазақстанның немесе кез-келген басқа елдің қоғамын дамытуға абитуриенттің тұлға ретінде қосатын үлесіне назар аударылады.
Біз осы таңғажайып үдерістің бөлігіне айналуға шақырамыз, соның барысында сіздің балаңыз болашақтың шынайы көшбасшысына айналады.
Хэйлибери Астана-бұл сол жерде орналасқан астана сияқты, тамаша мектеп. Біздің мектепке келгеніңізден бірегей тәжірибені сезіну үшін, өз балаңызбен бірге келіңіз.

Джонатан Алмер, Британдық Империя Орденінің Кавалері
Мектеп директоры

Бізге келесі құралдармен байланысуға болады:
Телефон: +7 7172 55 98 55/54
Email:   j.ullmer@haileyburyastana.kz